#Тәуелсіздік30. Түркістан облысында 30 түрлі тағам әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Келес ауданында  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күні аясында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында татулық пен береке» атты ұлттық тағамдар сайысы  өтті.

Тағамдар фестивалінде ауданға қарасты ауылдық округтерден жиналған 30-ға жуық қатысушы 30 қазан асып, өз ұлттарының ұлттық тағамдарын жасап, қазылар алқасының көңілінен шығуға тырысты. 



Келес ауданы – көп ұлтты ауданның бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – аудандағы барлық өзге ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сенімділігін арттырып, достық қарым қатынаста болуға шақыру. 



Іс-шара соңында әділ қазы алқаларының есептеген шешімі бойынша жүлделі орындар анықталды. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы