#Тәуелсіздік30. 30 студент Діни басқарманың грантына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университеті студенттеріне дәріс оқыған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы оқу орнының 30 студентіне білім грантын табыстады.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы студенттерді әрқашан қолдап келеді. Біз өз тобынан оза шапқан оқу озаттарына, тағдырдың жазуымен жетім қалған студенттерге білім грантын табыстадық. Бұл білім грантына осында отырған өздеріңіз әбден лайықсыздар. Бұл жобаны алдағы уақытта да жалғастырамыз - деді болашақ дін мамандарына білім грантын тапсырған Бас мүфти.

 

Айта кетсек, игі іс "Зекет" қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың көмегімен жүзеге асты.

Іс-шарада университет проректоры Қайрат Құрманбаев Бас мүфтиге айрықша алғысын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының студенттерге жасап келе жатқан қамқорлығына ризашылық ниетін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы