Тәуелсіздік жылдарында облыстағы халық саны 2,5 есеге өсті - Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Тәуелсіздік жылдарында облыстағы халық саны 2,5 есеге өсті. Өңірде халық санының күрт көбеюіне байланысты бірқатар мәселелер бар. Оны біз жақсы білеміз. Мүмкіндікке қарай бәрін біртіндеп шешіп жатырмыз.

Жалпы, Маңғыстау облысы әрдайым менің ерекше назарымда. Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен кезде ең алдымен киелі Түркістан мен Маңғыстауға барғанымды білесіздер»

«Былтыр осында арнайы келіп, облысты дамыту туралы ауқымды жиын өткіздім. Үкімет пен әкімдікке Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарын бекітуді тапсырдым. Құжат қабылданып, оны жүзеге асыруға тиісті қаражат бөлінді, - деді ол.

Өңірдің бәріне бірдей арнайы жоспар қабылданып жатқан жоқ. 

Осының өзі Маңғыстау жұртының тыныс-тіршілігін жақсартуға айрықша мән беретінімізді көрсетеді. Ендігі міндет – бұл жоспарды мүлтіксіз орындап, өңірді көркейту.

Тоғыз жолдың торабында тұрған қазыналы өлкені жан-жақты өркендетуге толық мүмкіндік бар. Маңғыстау облысы қай тұрғыдан алып қарасақ та, ерекше аймақ», - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы