"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері анықталды
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.
Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.
Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Келіп түскен 1284 өтінімнің 897-сі қабылданды. Атап айтқанда, "Бизнес" бағыты бойынша – 495, "Ғылым"мбағыты – 62, "Мәдениет" бағыты – 107, "Ақпараттық технология" бағыты бойынша – 94, "Медиа" бағыты – 66, "Волонтерлік" бағыты бойынша – 73 өтінім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы