«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 410 үміткердің өтінімі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 20 шілдесінде басталып, 20 қыркүйегінде аяқталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау үшін конкурстық өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жарияланған болатын, деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Үміткерлерден барлығы 410 конкурстық өтінім келіп түсті, оның ішінде «Ғылым» бағыты бойынша - 77, «Медиа» - 60, «Мәдениет» - 47, «Бизнес» - 154, «Ақпараттық технологиялар» - 72.Бүгінгі таңда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Грант бағыттары бойынша комиссиялардың отырыстары онлайн-форматта өтеді.
Қажет болған жағдайда, егер ұсынылған жобада жобаның негізгі идеясы, оның әлеуметтік әсері, күтілетін нәтижелер толық ашылмаған болса, сондай-ақ қосымша мәселелер туындаған кезде үміткер комиссия мүшелерінің тыңдауына шақырылуы мүмкін, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы