Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды - Тоқаев

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басышы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру міндетін абыроймен атқарғанын атап өтті.

Күрделі әрі бұлыңғыр сәтте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты. Анығын айтқанда, Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды. 1991 жылы 1 желтоқсанда халқымыз оған бірауыздан дауыс беріп, сенім мандатын тапсырды. Ал 16 желтоқсанда президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға қол қойды. Ақиқатын айтсақ, бұл халқымыздың тарихындағы ең қуанышты әрі бақытты сәт болды. Сол сәттен Қазақ елінің жаңа дәуірі басталды, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы  кейбірі үшін бұл кезең оңай көрінуі мүмкін. Алайда аға буын оның қандай қиындықпен келгенін жақсы білетінін айтып кетті.

Тарихи күндердің әрбір минутын тек Елбасы ғана жан жүрегімен сезініп, басынан өткерген деп айтсақ артық емес, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы