Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбі күніне түсіп, мереке сол күні аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?
Жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні 2025 жылы сейсенбі күніне сәйкес келеді. Бұл желтоқсанда қосымша демалыс тек осы күнге ғана қарастырылғанын білдіреді.
Жұмыс және дeмалыс тәртібі апталық жұмыс кестесіне байланысты болады. Яғни, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына байланысты.
Жұмыс және демалыс күндерінің кестесі
Бес күндік жұмыс аптасы
- 16 желтоқсан - демалыс күні;
- 15, 17, 18 және 19 желтоқсан - жұмыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасы
- 16 желтоқсан - демалыс күні;
- 15, 17, 18, 19 және 20 желтоқсан - жұмыс күндері.
Желтоқсанда бұдан басқа қосымша мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді атыңызға алаяқтық несие рәсімделсе, оны төлемеуге болады
Өзгелердің жаңалығы