Тәуелсіздік көпірінде жол жөндеу жұмыстары қайта басталады

8-24 шілде аралығында Тәуелсіздік көпірінде асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 10-20 шілде аралығында асфальтбетон жабынының жоғары қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Тәуелсіздік көпірінің жабылатыны хабарланған болатын. Ауа райына байланысты 14 шілдеден бастап жұмыс тоқтатылып, жол жүру қамтамасыз етілді.

Сондықтан 18 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 01:00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу үшін Тәуелсіздік көпіріндегі жол бөлігін ішінара жабу жоспарлануда. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы