Тәуелсіздік-30. Үш елдің театрлары шығармашылық кездесу өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Елорда - өнер өлкесі» шарасы туралы өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және елорда күні қарсаңында 21 маусым күні Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері арасында «Елорда - өнер өлкесі» шығармашылық кездесуі өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы барлық шара мәдениетті ілгерілетуге, дәстүрлерді жаңғырту мен саламатты өмір салтын дамытуға бағытталған, - деді ол.
Дәуешов атағандай, бүгінгі таңда Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді.
Оның 53-і - мемлекеттік театр. Тәуелсіздік жылдары елімізде 22 мемлекеттік театр ашылған. Ел өңірлерінде 9 театрға 9 ғимарат салынды, - деді вице-министр.
Ол атағандай, Тәуелсіздік жылдары Үкімет қаулысымен 9 театрға академиялық мәртебе берілді.
Тарихта алғаш рет 5 мәдениет ұйымына Президент жарлығымен ұлттық мәртебесі берілді, - деді Нұрғиса Дәуешов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы