14 Қараша 2021 2021, 09:45

«Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!» флешмобы басталды

Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қорғаныс министрлігі президент телерадиокешенімен бірлесіп "Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!" атты флешмоб бастады.

Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қорғаныс министрлігі президент телерадиокешенімен бірлесіп «Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!» атты флешмоб бастады.

Видео азаматтық парызын өтеу үшін әскерге кетіп бара жатқан жігіттің бауырына үйге бас-көз болуды тапсырған сәтінен басталады. Кейін оның әскерде жүрген кезін көрсеткен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілермен кездесіп, әскерилердің тамағынан ауыз тигенін де көруге болады. 

Екі минутқа жуық видеода «Атамекен» әні шырқалады.

Қорғаныс министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған эстафетаны Мемлекеттік күзет қызметіне табыстады.