Тәуелсіз елдің ойы еркін, рухы азат ұрпағы өсіп келеді
Демократия, заң үстемдігі және теңдік қағидаттары сақталатын мықты мемлекет боламыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл біздің қолымыздан келеді. Себебі, айқын мақсатымыз, нақты бағдарымыз бар. Жасампаз және отаншыл халқымыз бар.Тәуелсіз елдің ойы еркін, рухы азат ұрпағы өсіп келеді. Біз түбегейлі өзгерістің бәрін өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасап жатырмыз. Баршаңызды елімізді бірге көркейтуге шақырамын! Өйткені, біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Әрдайым бірге болайық! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанымыз жасай берсін!, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы түбегейлі өзгерістің бәрін өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасап жатқанын айтты.
Демократия, заң үстемдігі және теңдік қағидаттары сақталатын мықты мемлекет боламыз. Бұл біздің қолымыздан келеді. Себебі айқын мақсатымыз, нақты бағдарымыз бар. Жасампаз және отаншыл халқымыз бар. Тәуелсіз елдің ойы еркін, рухы азат ұрпағы өсіп келеді, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.