Таудан оралмаған туристерге құтқарушылар көмекке шықты

28 тамыз сағат 00:52-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының диспетчерлік қызметіне хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 тамыз күні үш турист Космостанция - Турист - Тұран – Карнизный шыңдары бағыты бойынша тауға кетіп, белгіленген уақытта оралмаған. Іздеуге ТЖМ РЖҚЖ жеке құрамынан 7 адам іздеуге шықты.

Туристерді іздеу түні бойы жүргізілді, екі топқа бөліну туралы шешім қабылданды: бірінші топ Советов шыңына, екіншісі Қимасар шатқалына бағыт алды. Таңғы сағат 11-де құтқарушылар ер адамдарды тауып, Аюсай шатқалымен төменге қарай түсіре бастады. Туристер шаршап, қатты жаңбыр астында қалып қойған. Сағат 12:05-те ТЖМ РЖҚЖ қызметкерлері туристерді жеке көлігіне жеткізді.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: қандай да бағытқа шықпас бұрын ауа-райы болжамын ексеріңіз. Есіңізде болсын, таулардағы ауа-райы өте құбылмалы!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы