Таудағы төтенше жағдай: Құтқарушылар әйелдің өмірін сақтап қалды
Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан әйелдің аяқастынан жағдайы күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы облысы Талғар ауданында теңіз деңгейінен 3053 м биіктікте орналасқан Фурманов шыңында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді.
Құтқарушылар тауда көмекке мұқтаж туристке көтерілді, оның жағдайы нашарлап: басы айналып, жүрегі айнып, әлсірегендіктен, ол өз бетінше таудан түсе алмады.
“ҚР РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды”, – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сұлулыққа ең көп қаржы жұмсайтын қала белгілі болды
Келесі жаңалық
Тоқаев Таиланд халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы