Тауда адасқан турист 10 күн бойы тіс пастасын жеген
18 жастағы Сунь Лян тауда адасып, 10 күн бойы жалғыз қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
18 жастағы Сунь Лян тауда адасып, 10 күн бойы жалғыз қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Жас саяхатшы Шэньси провинциясындағы Циньлин тау жотасы арқылы 170 шақырымдық маршрутты бағындырмақшы болған. Бірақ екі күннен соң смартфонының қуаты таусылып, байланыс үзілген. Ол өзен жағасымен жүруге тырысқан, бірақ бірнеше рет құлап, мертігіп қалған.
Сунь Лян жанын сақтау үшін өзен суын ішіп, 10 күн бойы тіс пастасын жеген. Оны іздеуге 30-дан астам құтқарушы жұмылдырылды. 10 күннен кейін олар туристі тауып, құтқарып алды.
Сунь Лян өзінің басынан өткен қиындықтар туралы былай деді:
Бұл жер мүлде жаяу серуендеуге арналмаған. Желдің қатты болғаны соншалық, тіпті екі альпенштогыммен де орнымда тұра алмадым, - дейді ол.
Күн райының тұрақсыздығы мен күрделі рельефіне байланысты бұл тау жолы Қытайдағы ең қауіпті бес туристік маршруттың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда 50-ден астам саяхатшы осы жолда жоғалып кеткен.
- Тоқаев Каспий маңында қарулы күш қолданбауға шақырды 13:48
- Дивидендтер, пайыздар, роялти: Мәжіліс Оманмен салық мәселесін реттейтін заңды қарады 13:45
- Тоқаев саммитте Арал теңізі жағдайын көтерді 13:37
- БҰҰ: Орталық Азия климат өзгерісінің алдыңғы шебінде тұр 13:37
- Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия үлесін 15%-дан асырады 13:35
- Президент экологияны ұлттық дамудың негізгі бағыты ретінде атады 13:28
- Тоқаев Орталық Азиядағы негізгі экологиялық қауіптерді атады 13:26