16 Маусым 2025 2025, 18:50
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Тауда адасқан 5 қыз құтқарылды
ТЖМ қызметкерлері тауда адасқан 5 қызды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ қызметкерлері тауда адасқан 5 қызды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Түркістан облысы ТЖД-нің 112 пультіне Төлеби ауданындағы "Сайрамсу" шыңынан түскен кезде 5 кәмелетке толған бойджеткеннен тұратын топ адасқаны туралы ақпарат келіп түсті.
Құтқарушылар 60 км қашықтықты жүріп өтіп, Қасқасу ауылынан 8 км қашықтықта өтініш берушілерді тауып, оларды таудан Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына аман-есен түсірді, - делінген хабарламада.
Медициналық көмекті қажет етпеген туристер алғыс білдірді.
ТЖМ тауға шыққан кезде маршрутыңызды зерттеп, жақындарыңызға хабарлап, ауа-райы болжамын тексеріп, байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алудың қажеттігін еске салады.