Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылғанын хабарлады.
Ұзартылған пилот мерзімі:
Акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша 2021 жылғы 1 қазанға дейін.
Виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша (ҚМ 384 Бұйрығы) 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін.
ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары және цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 қазанға дейін, аяқталу мерзімі - 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 1 тамызына дейін ұзартылды.
Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Сондай-ақ бұйрық шеңберінде:
1. «Шағын сауда нүктесі» виртуалды қоймасын жүргізу бойынша міндеттемелер алынып тасталды.
2.ТІЖ растау бойынша міндеттемелер алынып тасталды (акцизделетін тауарларды қоспағанда) «Шағын сауда нүктесі».
3. Құжат айналымын оңтайландыру мақсатында ТІЖ ресімделген жағдайда тауарларды басқа жаққа жіберуге арналған жүкқұжат (З-2 нысаны) және қорларды ішкі өткізуге арналған жүкқұжат (З-5 нысаны) бойынша бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелер алып тасталды.
4. 328.00 Сен (бастапқы ТІЖ негізінде) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті ұсынуды күтпей ЭШФ жазып беру мүмкіндігі іске асырылды.
5. Виртуалды қойманы жүргізу және құрамында алтыны бар өнім бойынша ТІЖ ресімдеу бойынша жекелеген талаптар алып тасталды.
6. Мұнай өнімдері және темекі өнімдері бойынша бір заңды тұлға шегінде ауыстыруға ТІЖ ресімдеу бойынша талаптар алынып тасталды.