Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба мемтіркеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаға қатысты ақпарат таратты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына қол қойылды және Әділет министрлігінде Мемлекеттік тіркеуден өтті, - делінген хабарламада.
Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылуда:
- 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі импорттық-экспорттық операциялар бойынша, акцизделетін өнімдер бойынша;
- 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ДДСҰ тізбесіндегі тауарлар бойынша.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
81 жасқа келді. Нұр-Сұлтанда ЖИТС жұқтырғандар қалай емделеді
Өзгелердің жаңалығы