Тауарлар экспорты артып, импорт төмендеді – вице-министр

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков тауарлар импорты 7,2%-ға төмендегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сапарбековтің мәліметінше, 8 айда айда өңдеу өнеркәсібі тауарларының экспорты 6,4%-ға өсіп, құны 17,8 млрдқа жетті.

Бұл өнеркәсіптік сорғылар, кабель өнімдері, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, арматура сияқты өнімдерді экспорттау есебінен мүмкін болды. Тауарлар импорты бойынша 7,2%-ға төмендеу байқалады. Мәселен, қара металлургияда шыбықтар мен арматуралар өндірудің рекордтық көрсеткіші тіркелді – 704 мың тонна, бұл 17,5%-ға артық, – деді Олжас Сапарбеков.

Сондай-ақ вице-министр биыл өңдеу өнеркәсібінде 180 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отырғанын айтты.

Бұл шамамен 15 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 56 жоба іске қосылды. Қалған жобалар аяқталып қалды, яғни іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде немесе құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Жыл соңына қарай аталған жобаларды аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы