Тауар айналымын ұлғайту екіжақты қарым-қатынастағы негізгі міндеттің бірі – Бақыт Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қырғыз елімен тауар айналым туралы келісіп, қазақ-қырғыз шекарасында бітқатар мәселені талқылады.
Кеше әріптесім, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының Бірінші орынбасары Арзыбек Қожошевпен бірге қазақ-қырғыз шекарасында болдық. Шекарадағы жүктердің өту жағдайымен танысып, болашақ индустриялық сауда-логистикалық кешенінің орнын қарап қайттық.
Кешен «Қарасу – Ақ-тілек» автожол өткізу пункті ауданында жоспарланған. Оның маңындағы Қордай ауылында біз бір жыл бұрын премьер-министрлер деңгейінде Үкіметаралық кеңестің 9-шы отырысын өткізген едік.
Жоба өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Қолға алғанымызға бір жылдан астам уақыт болды. Бүгінде Қазақстан ИСЛК үшін Қарасу өткізу бекеті маңынан 40 гектар жерді белгіледі, енді қырғыз тарапының учаскі бойынша шешімін күтіп отырмыз. Мамыр айына дейін барлық құжаттама дайын болып, ресми капсула салуды жүзеге асырамыз деп ойлаймын.
Бүгінде инфрақұрылымдық мәселелермен қатар айналысып, инвесторларды тартып жатырмыз. Бізде және қырғыз тарапында да өнеркәсіптік кооперация бойынша көптеген идеялар бар.
Министр біздің өнімге қырғыз тарапынан ұсыныс барын да айтып өтті.
Тауар айналымын ұлғайту екіжақты қарым-қатынастағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткен жылдың соңында тауар айналымы миллиард доллардан сәл аз болса, оның үштен екісі біздің экспорт. Біз бұл көлемді ұлғайта аламыз, қазіргі уақытта номенклатураны шамамен 230 миллион доллар тұратын 190 өнімге кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл фармацевтика, химия өнеркәсібі, металлургия, құрылыс тауарлары, машина жасау өнімдері және т.б. Қырғыз тарапынан сұраныс, бізде ұсыныс бар.
Шекараны аралау кезінде жүк көліктерінің кептелісін жою туралы шешімдеріміздің тиімділігін тексердік. Жүктерді бақылау жұмысының күшейтілуі және соның салдарынан шекарада туындаған кептеліс бұрыннан келе жатқан проблема. Мәселені шешу жолдын соңғы бірнеше апта бойы белсенді түрде талқыладық. Нәтижесінде қырғыз тарапы Қырғызстаннан Қазақстанға шығарылатын барлық тауарға QR-коды бар ЭШФ болуын қамтамасыз етуге келісті.
Қазір Қырғызстан аумағында жүргізушілерге ЭШФ болуы қажеттігін шекараға кірер алдында айтып, арнайы жадынамалар таратып жатыр. Тасымалданатын тауарға ЭШФ болған жағдайда ғана тексеру жүргізілмейді. Алдауға мүмкіндік жоқ. Өткізу пунктері заманауи инспекциялық-тексеру кешендерімен – есепке алынбаған тауарларды бірден танитын үлкен сканерлермен жабдықталған.
ЭШФ-ның болуы барлық кептелісті бірден жеңілдетті: екі күн ішінде автомобиль өткізу пунктерінде (жүктемесі ең көп жер Қордайды қоса алғанда) машиналар кептелісі көп болған жоқ.
Қырғыз вице-премьерімен шекараны жеке бақылауға алуды көздеп отырмыз. Кабинетімізде әрбір қабылдау пунктінің трансляциясы жүргізілетін монитор орнатамыз.
Бір аптадан кейін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Онда көтерілетін сұрақтардың ауқымы кең. Бірақ мақсат бір – екі жаққа да тиімді болу үшін сауда және экономикалық серіктес ретінде бір-бірімізбен ынтымақтастықты тереңдету, – деп жазды Бақыт Сұлтанов.