Тау шаңғысынан Янциндегі әлем кубогі кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты халықаралық шаңғы федерациясы, Қытай тау шаңғы қауымдастығы мен жергілікті Янцинь қаласының ұйымдастырушылары 15-16 ақпан күндеріне жоспарланған тау шаңғысынан ерлер арасындағы Audi FIS әлем кубогін кейінге шегергенді жөн санады, деп хабарлады olympic.kz.

Жаңа коронавирус эпидемиясы шыққаннан бері ХОК FIS, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы мен 2022 жылғы Бейжің ұйымдастыру комитеті, сондай-ақ Қытай денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз қарым қатынаста. Өкінішке қарай, Янцинь қаласындағы әлем кубогін өткізбеу туралы шешім қабылданды. Бұл 2022 жылғы Олимпиада ойындарына арналған тау шаңғысынан алғашқы тесттік жарыс болатын. Янциньде қауіп аз болғанына қарамастан, спортшылардың денсаулығы мен қатысушылардың амандығы басты назарда.

Сонымен қатар, спортшылар басқа нәрсеге көңіл аудармай, жаңа әрі қиын жолға назар салғандары абзал. 16-20 қаңтар аралығында Янциньдегі олимпиадаға арналған жолда 14-ші Қытай ұлттық  қысқы ойындары сәтті өткізілді. Жергілікті додаға техникалық сарапшылар мен  FIS медициналық мамандары қатысып, жаңа жолдың жағдайына, жарыстың ұйымдастырылуына баға беріп кетті. Әйелдер арасындағы Audi FIS әлем кубогі жылдамдықпен түсу және супергигант бойынша тесттік жарыстар 2021 жылдың наурыз айына жоспарланған. Бейжің қысқы Олимпиадасына арналған ерлер арасындағы тесттік бәсекені ұйымдастыру үшін барлық шаралар қолданылады, - делінген хатта.

Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) әлем кубогінің кейінге шегерілгенін қолдап, спортшылардың, қатысушылардың денсаулығы бірінші орында екенін атап өтті. Айта кетерлігі, коронавирус эпидемиясына байланысты Қытайда бокстан Азиялық квалификациялық турнирі шегерілген болатын. 

Осыған  дейін Қытайда өтуі тиіс Fed Cup матчі Нұр-Сұлтанға ауыстырылуы мүмкін екені туралы жазғанбыз. 2020 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын наурыз айында Қытай мемлекеті өткізу керек болған. Бірақ коронавирусқа байланысты әлемдік дода 2021 жылға ауыстырылды. Қазақстан теннис турнирін өткізуден бас тартқаны туралы хабарлағанбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы