2 Мамыр 2020 2020, 15:42
Алматыда жауған жаңбырдан тау бөктеріндегі жол бүлінді
Алматы, BAQ.KZ. Нөсер жауыннан Алматы қаласы Медеу ауданындағы тау бөктеріндегі жолда жарық пайда болды.
Алматы, BAQ.KZ. Нөсер жауыннан Алматы қаласы Медеу ауданындағы тау бөктеріндегі жолда жарық пайда болды.
Қалалық ТЖД-нің мәліметінше, 30 сәуір күні нөсер жаңбырдың салдарынан сағат 12:00-де Медеу ауданындағы Алмалы к-сі, 40 мекенжайындағы жол бөлігі бұзылған.
Дереу оқиға орнына Медеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, әкімдік, "Қазселденқорғау" қызметкерлері келді. Асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болғанын анықтады. Көліктер мен жаяу жүргіншілердің кіруіне шектеу қою үшін қауіпті жерлер қоршалды. Полиция бөлімшелері қызметкерлері блоктбекеттер орнатты. Одан әрі шешімді Медеу ауданының әкімдігі қабылдайды, - делінген хабарламада.