"Татуласу талаптары бұзылса...": Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен кездесуде АҚШ пен Украина делегациясы Мәскеу тарапынан атысты тоқтату режимі бұзылса, Киевтің әрекеті қандай болатыны туралы келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РБК-Украина таратқан ақпаратқа сүйенсек, украиналық көшбасшы Владимир Зеленский бұл жайында БАҚ өкілдеріне мәлімдеген.
Егер кімде-кім (атысты тоқтату режимін – ред.) бұзса, бұл стейтментте жоқ. Мен мұны жақсы түсінемін: америкалық тарап мұның барлығы орта жолда қалмағанын қалайды, сондықтан мән-жайын тәптіштемеді, - деді ол.
Алайда айтуынша, Украина әр нәрсеге егжей-тегжей мән беріп, жауабын түсінуі қажет. Сол үшін Эр-Риядта украиналық команда АҚШ өкілдеріне татуласуды бұзу мен оған тиісінше жауап беру туралы сұрақ қойды.
Бүгінгі таңда егер біз біреудің талапты бұзғанын көрсек, біз ресейлік тараптың (татуласу – ред.) талаптарын бұзғаны туралы деректер және дәлелдермен америкалық тарапқа жүгінеміз деп есептейміз, - деп түсіндірді Зеленский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Газа секторында израильдық шабуылдан 20-дан астам адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы