Татарстандық азамат Ақкөл тұрғынының атынан 1 млн теңге несие алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Ақкөл ауданы тұрғынының атынан AnyDesk қосымшасының көмегімен алаяқтық жасаған ер адам 1 миллион теңге несие алған.

Күдікті араға екі ай салып полицияның құрығына ілінді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ақпараттық технология қолданылған қылмысты республикалық Hi-Tech жедел алдын алу шарасы барысында анықтаған.

Ақкөл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жүгінген 49 жастағы жергілікті тұрғын полицейлерге 8 қыркүйек күні белгісіз біреудің өзін «Home Bank» қауіпсіздік қызметкері деп таныстырып, қашықтан жұмыс істейтін AnyDesk бағдарламасын қолданып, жәбірленушінің атынан жалпы сомасы 1 миллион теңге несие алғанын хабарлады. Жедел іздестіру барысында осыған дейін Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің 111-бабының 1-тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Татарстан Республиксының 39 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды, – дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы