Бүгiн 2026, 03:37 Фото: unsplash.com

Татарстандағы өндірістік нысанда жарылыс болды: 72 адам зардап шекті

Зауыттағы апат салдарынан 2 адам қайтыс болды.

Татарстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде өрттен кейін жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 72 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компанияның ресми мәліметінше, 8 адам ауруханаға жатқызылды, тағы 64 адам жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. БАҚ мәліметінше, бес адамның жағдайы ауыр.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына республикалық клиникалық аурухананың мамандары бар екі санитарлық тікұшақ жіберілді. Сонымен қатар, тоғыз маманнан тұратын федералдық медициналық бригада жасақталуда.

Өрт оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жабдықтың істен шығуы себеп болып, соның салдарынан өрт шығып, кейін жарылыс болған.