Татарстандағы мектепте атыстан бөлек, жарылыс та болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ресейлік БАҚ өкілдері хабарлайды.

Қазан қаласында №175 мектеп гимназиясында белгісіз екі азамат мектеп ішінде атыс ұйымдастырды. Соңғы мәліметтер бойынша 13 адам ажал құшты. Оның 12-сі мектеп оқушысы, біреуі мектеп мұғалімі. Атыс басталған сәтте балалар 3-қабаттағы терезелерден секірген. Салдарынан сол мезетте екі оқушы жан тәсілім еткен. Зардап шеккендер саны 32-ге жетті. 

Атыстан бөлек, мектепте жарылыс болған.

Қалған балаларды тәртіп сақшылары маңайдағы екі балабақшаға көшірді. Қаскөйлердің бірі 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді жігіт екені анықталып, қамауға алынды. 


Мектепте оқ жаудырғандардың бірі...

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, екінші қылмыскер де ұсталды, ол – 41 жастағы Рамиль Мухамедшин.


Атыс және жарылыс болған №175 мектеп гимназиясының қазіргі ішкі көрінісі.

Мектепте тағы да бірнеше жарылыс құрылғысы болуы ықтимал. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы