Татарстанда L-410 ұшағы апатқа ұшырап, 16 адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Мензелинск қаласында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі бар L-410 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мензелинск қону алаңынан (Татарстан) көкке көтерілгеннен кейін бірден құлаған. Оқыс оқиғадан 16 адам қаза тапқан. Тағы 7 адам жарақатпен ауруханада жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, зардап шеккен жеті адамның бірінің жағдайы ауыр. Бортта барлығы 23 адам болған. L-410 ұшағының құлауына жолаушылар санының артуы себеп болуы мүмкін. Жолаушыларды шығарып, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, L410 – аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышты ұшақ. Машинаны чехословакиялық Let компаниясы 1960 жылдардың соңында жасаған. Ұшақты коммерциялық пайдалану 1973 жылы басталған.