Татарстан Ұлттық кітапханасында Қазақстанға арналған фотокөрме ашылды

Қазақстанның Конституциясы күніне орай және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан. Көзқарас» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуді ашып, ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов өткізіліп жатқан Қазақстан жәйлі фотокөрменің екі халықтың көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бірігей оң үлес қосатынын және халықаралық ынтымақтастық саласындағы маңызды қадамы болатынын тұжырымдады. Сондай-ақ  Ерлан  Ысқақов Қазақстанның демократиялық даму жолындағы, еліміздің қалыптасуының негізгі қадамдарын атап өтті. Экспозиция келушілерді Қазақстан мемлекетінің әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесімен, мәдениетімен, еліміздің көркем табиғатымен және заманауи сәулет өнерімен таныстырады.

Қазақстанның бірегей және көп қырлы туристік потенциалы және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне кірген, ү.ж. 8-13 қыркүйек аралағында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қоғамның шынайы қызушылығын тудырды .

Өзінің құттықтау сөзінде Татарстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Дамир Натфуллин осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдіріп, бір ай аралығында фотокөрме қалың жұртшылыққа Қазақстанның көптеген өнер туындыларымен және оның жетістіктерімен танысуға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті.

 Өз кезегінде Татарстан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына республика басшылығының жоғары деңгейдегі делегациясымен, өзінің әсерлі мықты спорт командасымен, Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән және би ансамблінің тобымен, жергілікті БАҚ өкілдерімен келіп, «Ұлы дала жорығы» халықаралық бәйге марафонына өз командасын қатыстырады.

Сол күні татар тіліндегі «Қазақ халық ертегілері» жинағының тұсауы кесіліп, Татарстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапхана қорына тапсырылды. Сонымен қатар қазақтың музыкалық шығармалары орындалып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, композитор, «Алпар» этно тобының жетекшісі Алмаз Асхадуллиннің қатысуымен «Қазақ этномузыка» шеберлік сабағы өтті.

Көрмені Қазанда тіркелген шетелдік бас және құрметті консулдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Татарстанның іскер топтарының, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері тамашалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы