Өскемендік тасымалдаушылар электронды билетті қолдамады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік электронды билеттеуге көшірілмек. Десек те, жаңашыл жобаға қарсылық білдіріп отырған тасымалдаушылар да жоқ емес.
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Өскемен қаласындағы қоғамдық көлік электронды билеттеуге көшірілмек. Десек те, жаңашыл жобаға қарсылық білдіріп отырған тасымалдаушылар да жоқ емес.
Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыс орталығындағы қоғамдық көлікті электронды билеттеугекөшіру жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі үлгі Алматы қаласына қарап жасалды. Бүгінде аталмыш жобаға қатысуға тілек білдірген бірқатар тасымалдаушы компаниялар да бар. Наурыз айының соңына қарай қоғамдық көлікті электронды билеттеуге көшіруге бойынша конкурс жарияланатын болады», - деді Қайрат Сапарғалиев.
Дегенмен, бүгінде бұл жоба барлық кәсіпкерлер тарапынан қос қолдап қолданып кетті деуге келмес. Өйткені, бұл жоба бірінші кезекте көлеңкелі бизнестің көсегесін көгертпейтіні белгілі. Жауапты тұлғаның айтуынша, орталықтандырылған жүйеде тасымалдау кәсібінен түсетін табыс айналымы тайға таңба басқандай анық көрініп тұрмақ.
«Кәсіпкерлеріміздің қашан да тапқан табыстарын жарыққа шығара бермейтіні белгілі. Мұны өз тәжірибемнен айта аламын. Осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшік автобус иелері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп салық төлеу мөлшерін көлеңкелеп жібергені естеріңізде болар? Ал электронды билеттеу олардың шығыстарын, табыстарын айшықтап тұрмақ. Яғни, тұрғындар олардың қызметі жайлы көбірек білетін болады. Біз қазір кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Меніңше жақында екі арадағы келіспеушілік бір жөнге келіп, жобаны іске асыруды бастаймыз деген үміттемін», - деп қосты ол.
Лауазымды тұлғаның айтуынша, бұл жаңашылдық билет бағасының өзгеруіне еш әсер етпейді. Тіптен бонустық жүйе енгізілуі мүмкін. Яғни қолыңыздағы картамен он рет жүргеннен соң 11-ші жол жүру тегін болуы да ықтимал. Сондай-ақ, зейнеткерлерге, мүгедектер мен балаларға және тұрғындардың басқа санаттарына арналған жеңілдіктер сол күйі қалмақ.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55