Жүк тасымалы. Жыл басынан бері 52 мыңға жуық көлік тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдары 51 826 жүк автокөлік құралын (АТС) тексерді.
НҚА талаптарын бұзған 7 463 автокөлік анықталды, оның ішінде рұқсат беру жүйесі бойынша заңнама талаптарын бұзған 385 шетелдік автокөліктің жүріп өтуі анықталды.
2644 АКҚ-ның шамадан тыс жүктемемен жүруіне 1,7 млрд теңге алым алынды. 368,0 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
2020 жылдың 6 айында мемлекет кірісіне барлығы 2,1 млрд теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды.
93 шаруашылық субъектісі тексерілді, 252 бұзушылық анықталды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 50 ұйғарым берілді.
Сондай-ақ, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 3 131 әкімшілік материал ресімделді, өндіріп алынған айыппұл сомасы 57,0 млн теңгені құрады, бұл жалпы тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етті (жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау).