Тасқынға тосқын – «Біз біргеміз!» телемарафоны
Қазақстан халқы тұңғыш рет бір мезетте бірнеше арнаның бір мақсатта тоғысып, ақпарат таратқанына куә болды. 5 сағатқа созылған «Біз біргеміз!» телемарафонында ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, материалдық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы тағы бір мәрте айтты.
Келтірілген шығын қомақты. Алайда, қиын-қыстау кезеңде ұйыса білген қазақстандықтардың ынтымағы қиналған жұртқа – бір-біріне демеу болды. Е
Елде жалпы су тасқынының қаупі сейілді. Дегенмен, Атыраудағы жағдай алаңдатады. Мамандар екінші толқынның жақындап қалғанын айтып отыр. Бір тәулікте су деңгейі 4 см-ге көтеріліп, 446 см-ге жетті. Ал қауіпті деңгей – 550 см. Бүгінде аймақтағы Жайық жағасы биік бөгетпен нығайтылды.
80 жыл болмаған елімізге үлкен су келді. топан су келді. Ол 1 мезетте 10 өңірді қамтыды. Соған қарамастан, біздің құтқарушылар мүмкіндігі шектеулі адамдарды, балаларды құтқарды. Абыроймен атқарды, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.
Бүгінге дейін су басқан өңірлерде 40 мың тұрғын үйлеріне оралды. Тасқын басталғалы 119 мыңдай адам құтқарылды. Оның 45 мыңға жуығы – бала. 6500 адам әлі де эвакуациялық орындарда тұрып жатыр.