Тасқын су. "Қазсушардың" мамандары өз жұмыстарын жалғастыруда
Атырау облысынан басқа еліміздің барлық өңіріңде су тасқыны аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1016 см. "Қазсушардың" жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу іс-шараларын жалғастырып жатыр.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 89%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,6%-ға толы. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 90%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 82,7%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,3%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.