Тасқын су қаупі бар аймақтарға азық-түлік жеткізілуде

Ақмола облысында жыл сайын тасқын судан зардап шегетін аймақтар азық-түлік қорымен қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Ардақ Смайыловтың айтуынша, ауданда ауылдық округ әкімдіктерінің балансында тұрған екі гидротехникалық құрылыс бар. Тексеру барысында Иванков бөгетінің су төгетін құрылымы апатты жағдайда екені анықталды. Техникалық тексеру қорытындысы негізінде бөгет құрылысы жөндеуге жатпайды және 90% тозған күйде. Жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама пысықталуда және мемлекеттік сараптамадан өткен жағдайда қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылғы наурызға жоспарланған.

Прохоров-Колокол бөгетінде тасқын су айналма каналды ашу арқылы төгіледі. Прохоров-Колокол бөгеті гидротехникалық құрылысын көзбен шолу актісінің ұсынымы негізінде 2023 жылғы тасқын суларды апатсыз ағызу үшін бөгеттің тостағанын босатпай жотаның айналма арнасын ашу жүргізілді. Бөгеттің денесі қанағаттанарлықсыз күйде.

Ауданда су тасқынына бейім сегіз елді мекенде зардап шеккен тұрғындарды жинайтын сегіз пункт бар. Сондай-ақ, мал айдайтын орындар дайындалуда.

Бұланды аудандық ауруханасының отбасылық-дәрігерлік амбулаториялары мен медициналық пункттері су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталады. Елді мекендерді тасқын қаупінің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар неғұрлым қауіпті учаскелерде өзендер мен гидротехникалық құрылыстардағы су деңгейін бақылау үшін қосымша гидробекеттер дайындауда, - деп бөлісті әкім орынбасары.

Су тасқыны қаупі мол Қараөзек, Еркөл, Журавлев, Айнакөл ауылдық округтері азық-түлік қорымен және басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етілуде. Су тасқыны алдындағы кезеңде қауіпті аймақтарда тұратын ауыр науқастар мен жүктіліктің соңғы айларындағы әйелдерді алдын ала госпитализациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Су тасқыны жағдайын мониторингтеу, болжау және бағалау мақсатында арнайы штаб құрылды.

Жыл сайын су тасқыны кезеңінде облыстық маңызы бар «Жалтыр-Макинск» автожолы бойынша Мәт өзенінде су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде айналма жолда автокөліктің барлық түрлері үшін 10 тәулікке дейінгі кезеңде қозғалыс тоқтатылатынын атап өтемін. Ақмола облысы жол басқармасының ақпаратына сәйкес, айналма жолды «Бука» ЖШС - көпір салатын мердігер ұйым қалпына келтіреді, - деп нақтылады Ардақ Смайылов.

Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Серік Шәуенов хабарлағандай, аудан су тасқынына бейім болмаса да, кешенді жұмыстар жүргізілуде. 

2023 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынынан су басу қаупіне ұшыраған Біржан сал ауданының елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Макинка ауылындағы №1, №2 және №3 бөгеттерде сифондарға жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ су тасқыны кезеңі басталғанға дейін ағаштар мен Қамысты кесу жүргізілді.

Былтыр Макин ауылының Моисеенко көшесіндегі жол айрықтарында диаметрі 0,5 үш су өткізу құбыры орнатылды. 2022 жылдың қазан айында Есіл бассейндік инспекциясының қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп гидротехникалық құрылыстарды тексерді. Аудан бойынша қажетті техника дайын, - деп түсіндірді әкім орынбасары.

Су тасқыны қаупі бар учаскелердегі ахуалды мониторингтеу үшін Макин ауылындағы №1, №2 және №3 бөгеттерде және Ақсу ауылындағы бөгетте үш уақытша бақылау бекетінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру жоспарлануда.

Аудан аумағында барлығы 13 гидротехникалық құрылым орналасқан, олар қанағаттанарлық жағдайда. «Алдағы су тасқыны кезеңін ескере отырып, су тасқыны жағдайын мониторингілеу үшін тәулік бойы бақылау бекеттерінің қызметі ұйымдастырылады, - деп қосты Серік Шәуенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: halyq-uni.kz
Өзгелердің жаңалығы