Тасқын су: Аумақта 150-ге жуық медицина қызметкері жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық бекеттерге орналастырылған барлық азаматқа тиісті көмек көрсетілуде. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жалпы 24 эвакопунктке жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер 89-ы фельдшер. Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде. Онда дәрігерлер азаматтарға тұрақты түрде COVID-19 вирусының алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, эвакуациялық бекеттерде жатқан азаматтар арасында коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында 22750 медициналық бетперде 14750 қолғап, 800 литр антисептик, 500 литр дезинцекциялауға арналған сұйықтық және басқа да қорғаныс құралдары үлестірілді. 

Тағы қажеттілік туындаған жағдайда қорда жиналған құрал жабдықтар қосымша таратылатын болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы