Тасмағанбетов СҚО-да мал шаруашылығы саласында қандай нысандар ашылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
АӨК саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жол картасы аясында 130 инвестициялық жобаны 185 млрд теңгеге жүзеге асыру көзделген. Сүт шаруашылығын дамыту үшін алдағы 5 жылда 52 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарланған. Ол 30 мың мал басын қамтиды, - деді ол.
Тасмағанбетов айтқандай, ет саласында 12 мал бордақылау алаңын құру жоспарланған.
Шошқа өсіруді жылына 10 мың тоннаға жеткізу бойынша 50-ден 100 басқа жеткізу көзделген. Қуаттылығы 6 тонна құс етін құрайтын 2 құс фабрикасын салу жоспарланып отыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Игита: Футзал әлемінің тарихын жаңарттық
Келесі жаңалық
Алматы облысында 20 жас полиция қызметкері ант қабылдады
Өзгелердің жаңалығы