14 Қараша 2025 2025, 16:49
Фото: Ақорда
Ташкентте Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.