Ташкентте соңғы 50 жылдағы ең суық температура тіркелді

Әлеуметтік желіде тұрғындардың сыртқа шығып, от жаққан, тамақ пісірген бейнежазбалары тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстан астанасында қатты аяздан электр қуаты, жылыту және газбен жабдықтау желілері істен шыққан. 

Ел президенті Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артықходжаевты қысқы маусымға дұрыс дайындық жасалмағаны үшін қызметінен босатты. Қазір қалада жедел жылыту пункттері жұмыс істеп тұр.

Ташкенттегі оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы 23 қаңтарға дейін созылды. 

Қолайсыз ауа райына байланысты халықаралық бағыттар бойынша автобус қатынасы уақытша тоқтатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы