Ташкентте қазақ боксшы екінші қарсыласын нокаутқа түсірді

Бокстан Қытай құрамасындағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

80 келі салмақта өнер көрсететін Тоқтарбек 1/8 финалда мысырлық Әбделгавад Салахпен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, Тоқтарбек ӘЧ-нің ширек финалына шықты.

Еске салайық, қазақ боксшы ең бірінші айқасында армениялық Амбарцум Акопянды ұпай санымен жеңді, ал одан кейін марокколық Мохамед Ассагирді нокаутқа түсірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Vesti.kz
Өзгелердің жаңалығы