Ташкентте Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының су-энергетика ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын қаржыландыру және іске асыру тетіктерін тарту кезеңдері бойынша Жол картасының жобасы қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов атап өткендей, қуаттылығы 1860 МВт болатын Нарын өзеніндегі гидроэлектростанция жобасы Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналады және Орталық Азия өңірі елдерінің тату көршілік қатынастарын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің техникалық көмегі аясында техникалық-экономикалық негіздемені дайындау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Бұл жерде Камбарата ГЭС-1 жобасының техникалық, экономикалық, қаржылық, экологиялық және әлеуметтік құрамдас бөліктерін бағалау, сондай-ақ, оны одан әрі іске асыру үшін қажетті басқа да негізгі іс-шаралар мен зерттеулерді орындау кіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Энергетика министрлігі
Өзгелердің жаңалығы