Ташкент пен Түменге эвакуацияланған қазақстандық студенттердің жағдай белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін Ухань қаласынан Түмен және Ташкентке әкелінген қазақстандық студенттердің жағдайы туралы айтып берді. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің арқасында Ухань қаласынан бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Түмен қаласынан және Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына студенттеріміз эвакуацияланды. Олар екі апта бойы жергілікті мамандардың қадағалауында болады. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері олардың жағдайын жіті бақылауда ұстайды, - деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп "ҚазМедиа" орталығында өткен баспасөз брифингінде. 
Оның айтуынша, бүгін денсаулық министрі Елжан Біртанов өзінің Ресей және Өзбекстандағы әріптестерімен телефон арқылы хабарласып, осы сұрақтар бойынша ортақ шешімге келген. 

Ол брифингте Ухань қаласынан келген азаматтарға карантин біткенше баруға болмайтын тағы да ескертті. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де.

Кеше және алдыңғы күні оқшауланған науқастар түрлі сынақтардан өтті. Оларда коронавирустың жоқтығы анықталды. Осыған қарамастан, клиникалық хаттамаға сәйкес олар карантинде бола береді. 83 эвакуацияланған қазақстандық азаматтарының 12-сі жеңіл деңгейдегі ЖРВИ-і бар, бірақ ешқайсысында дене қызуы көтерілмеген, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. 

Бұдан басқа, 2 және 4 ақпан күндері аралығында Қазақстанға басқа елдерден мемлекеттік шекара пунктері арқылы 127 мың 573 адам келген екен.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 764 мың 683 адам келді. 8766 азамат Қазақстанның халықаралық әуежайларында қаралды. Оның ішінде 8092 жолаушы және 584 экипаж мүшесі. 1 жасқа дейінгі бір баладан дене қызуы анықталды. Медициналық қызметкерлер бұл балаға ЖРВИ диагнозын қойды, - деп атап өтті спикер. 

Айта кетейік, Уханьнан эфакуацияланған Беларусь Республикасы және Армения азаматтарының жағдайы жақсы. Олар денсаулығына шағым айтпаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы