Ташкент метросындағы пранк: Қазақстандық блогерге қатысты іс сотқа жіберілді

Алматы полициясы Ташкент метросында ер адамдарға тиіскені үшін сынға ұшыраған қазақстандық блогер Аружан Айбековаға қатысты істі сотқа жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның хабарлауынша, Аружан Айбекова Өзбекстан астанасында түсірілген бейнежазбаларында бейтаныс ер адамдарға иығын сүйеп, видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Көпшілік бұл әрекеттерді пранк деп атағанымен, ол қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Өзбекстандағы интернет қолданушылар мен қоғам белсенділері бұл видеоларды "қоғамдық әдептілікке қайшы" және "әйелдердің абыройына нұқсан келтіретін" әрекет деп бағалады. Олар мұндай қылықтар жыныстық бопсалауға ұшырайтын әйелдердің мәселесін жеңілдетіп көрсетеді деп сынады.

Алматы қалалық полиция департаменті блогерге қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын және материалдардың сотқа жіберілгенін растады. Құзырлы орган қоғамдық орында әдепсіз немесе арандатушылық сипаттағы мінез-құлық заңмен жазаланатынын еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы