"Тасбақаның қаны коронавирустан қорғайды". Бақсының сөзіне сенгендер сан соғып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаманның сандырағына құдайдай сенген бір топ тұрғын тасбақаның қанын ішкен. Тіпті коронавирустан қорғайды деген шаманның сөзіне имандай ұйыған бір ата-ана қанды баласына беріп, салдарынан бес айлық сәби қайтыс болған. 

Daily Mail-дің хабарлауынша, Доминикан Республикасы Гаитян елді мекенінің Вуду есімді шаманы COVID-19 алдын алу үшін тасбақа қан ішуге кеңес берген. 

Ата-аналар жеті жасар және бес айлық балаға беріп, оның соңы өкінішпен аяқталды. Қан жұтқаннан кейін олар өздерін нашар сезініп, ата-анасы дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған. Науқастар ауруханаға жатқызылды.

Алайда, ауруханаға жеткенше кішкентай сәби қайтыс болған. Бүгінде баланың әпкесі мен ата-анасы қиын жағдайға түскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы