"Тасбақа құтқарушысы" су оқпаны әзірленді
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы «Тасбақа құтқарушысы» су оқпанын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су оқпаны жабық үй-жайлардағы, көліктердің жетуі қиын жерлердегі өрттерді сөндіруге және электромобильдерді сөндіру кезінде батареяларды салқындатуға жарамды.
Бұл оқпан металдан жасалған және екі бөліктен тұрады:
1 бөлігі: диаметрі 41 және биіктігі 13 см дөңгелек пішінді метал бұйымнан жасалған, оқпанның жалпы салмағы 17 кг, оның ішінде дөңгелек жағы 7 кг, құбыр жағы 10 кг, және тасымалдауға арналған 3 тұтқасы, сондай-ақ бүкіл бетінің ауданы бойынша 17 технологиялық саңылаулары бар.
2 бөлігі: диаметрі 76 мм, ұзындығы бір жарым метр металл құбырдан жасалған, екі шеті диаметрі 66 мм жартылай бұрандалармен өзара жалғанады.
Бұл өрт сөндіру оқпаны жарылыс, конструкциялардың құлауы және жоғары температура қаупі бар бөлмені сөндіруде тиімді. Сонымен қатар электромобильдерді сөндіру кезінде аккумуляторлық батареяларды арнайы оқпандармен салқындату қиынға соғады, осылайша «жарылыс қаупі» қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Бұл «Тасбақа құтқарушы» оқпаны аккумуляторлық батареяларды арнайы көтергіштер мен түрлі арнайы құрылғыларды қолданбай-ақ салқындатуға мүмкіндік береді.