Тас жол бойында көкпар тартқандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның көкпар ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды.
Polisia.kz порталының хабарлауынша, бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңындағы "Алматы – Бішкек автожолы" бойында рұқсатсыз көкпар тартқан.
Полиция қызметкерлері жолда жарыс ұйымдастырушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде, ат спортын ұйымдастырған Бұлақты кентінің 8 тұрғыны ұсталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабының 1-бөлігіне ("Ұсақ бұзақылық") сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы