17 Ақпан 2025 2025, 16:25
Фото: Алматы облысының прокуратурасы
"Тәртіпті өзіңнен баста": Қонаев прокурорлары оқушылармен кездесті
"Тәртіпті өзіңнен баста" акциясы аясында Қонаев қаласының прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Тәртіпті өзіңнен баста" акциясы аясында Қонаев қаласының прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шаралар жастарды құқықтық сауаттандыруға, құқық бұзушылықтың, лудоманияның, нашақорлықтың және басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өзекті сұрақтарына жауап алды.
Оқушылар алдында прокуратура ардагерлері, адвокаттар және құқық саласының басқа да мамандары сөз сөйлеп, өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы айтты.
Қала прокуратурасы жастарды құқықтық тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру және олардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады.