Тәртіпсіздіктер кезінде қызметтік ғимараттарды тастап кеткендерге қатысты тергеу жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіпсіздіктер өршіп тұрған кезде қызметтік ғимараттарды тастап кеткен күштік құрылымдар органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты бөлек тергеу жүргізілуде.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Осындай әрекеттердің салдарынан Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында құқық қорғау органдарының арсеналындағы 1500-ден астам қару қылмыскерлердің қолына түскен.
Жалпы алғанда, қаңтар оқиғасы кезінде 3388 қару, оның ішінде 10 аңшылық дүкенінен 1629 мылтық ұрланған. Осының тек үштен бірі немесе 967 қару табылды. Қаруларды іздеу және қайтарып алу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық фактілер бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы