Тәртіпсіздіктер кезінде елордадан Алматыға қанша доза қан жеткізілгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәртіпсіздіктер кезінде елордадан Алматыдағы республикалық қан орталығына 360 доза қан жеткізілген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова айтты.

Қазіргі уақытта республиканың барлық медициналық ұйымдары, оның ішінде, Алматы қаласы бойынша штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа, медициналық авиациямен резерв құру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Республикалық қан орталығына 360 доза қан жеткізілді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Оның айтуынша, қысылтаяң шақтарда медициналық авиация қызметі аса жауапкершілік танытқан.

ІІМ-мен бірлесіп Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында «СК Фармация» ЖШС дәрілік қоймаларын тәулік бойы күзету қамтамасыз етілді. Онда ТМККК және МӘМС шеңберінде пациенттерді емдеуге арналған дәрі-дәрмек, есірткі және психотроптық заттар сақталады, - деді Әсел Артакшинова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы