Тәртіпсіздіктер кезінде 20 медициналық мекемеге шабуыл жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова хабарлады.
Жаппай тәртіпсіздік барысында Денсаулық сақтау объектілеріне 20 шабуыл жасалды. Олардың қатарында 5 аурухана, 1 емхана және Алматы қаласында 14 дәріхана бар. Сондай-ақ 7 медицина қызметкерлері зардап шекті: Бесеуі – Алматы және біреуі – Шымкент қаласында, біреуі – Алматы облысында, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол қиратылған көліктерге тоқталды.
45 жедел медициналық жәрдем автокөлігінен зиян келтірілді. 4 өңірде, атап айтсақ, Алматы қаласында - 31, Шымкент қаласында - 7, Алматы облысында - 5, Жамбыл облысында – 2 көлік қирады. Оның ішінде 4 автомобиль жөндеуге жатпайды, - деді Әсел Артакшинова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам ауруханада қайтыс болды?
Өзгелердің жаңалығы