Тәртіпсіздіктер кезінде 1 564 дана азаматтық қару ұрланды – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында 1 466 әртүрлі үй-жайларға шабуыл жасалды, оның ішінде 71 мемлекеттік мекеме, оның 12-і әкімшілік ғимарат пен 27 полиция объектілері бар.Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері, олар зақым келтіруден өзге толықтай тоналды олардың саны – 1 395, - деді ол.
Әділов атағандай, одан өзге 700-ден астам автокөлік зақымдалып, жойылды.
Оның 500-ден астамы полицияның, Қорғаныс және Төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері. Сондай-ақ 116 жеке адамдар көліктері.Шабуылдар барысында 7 аңшылық дүкендеріне шабуыл жасалып, тоналды олардан 1 564 дана азаматтық қару ұрланды, - деді ол.
Әділов атағандай, Мемлекет басшысы лаңкестік актілер себептерін және ұйымдастырушыларын анықтау бойынша тергеуді Бас прокуратураға тапсырды.
Осыған байланысты, аталған санаттағы және онымен байланысты барлық қылмыстық істер арнайы прокурорлар басшылық ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының өндірісіне берілді, - деді ол.