Тәртіпсіздіктен бизнеске келтірілген шығын 92 млрд теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 92 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
2022 жылғы 9 қаңтарда таңғы сағат 9:00-дегі жағдай бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен алғанда 92,3 млрд теңгеден асты (Алматы қаласы бойынша 90,7 млрд теңге), - деп хабарлады ҰКП.
Call-орталыққа 2320 қоңырау түсті, оның ішінде: тонау бойынша – 1127, форс-мажорлық жағдай бойынша – 26, бақылау-өткізу пункттері – 2, жеке тұлғалардан – 1052 қоңыраулар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы