Тәртіпсіздік кезіндегі шығынның сомасы артып жатыр – Әділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта өндірістегі қылмыстық істер бойынша арызданған залалдың алдын ала жалпы сомасы 87 млрд теңгеден асты. Зардап шеккендердің арыздануы барысында бұл сома өсіп отыруда. Ішкі істер органдары тергеушілерінің қылмыстық істер бойынша барлық шешімдері заңнама талаптарымен қатаң сәйкестікте, атап айтқанда қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қабылданады, - деді Әділов.
Санжар Әділов атағандай, күдіктіні ұстау, олардың іс-әрекеттерін саралау, сондай-ақ бұлтартпау шараларын таңдау сияқты барлық негізгі іс жүргізу шешімдері тек прокурормен келісіледі.
Одан өзге, тінту, алу, сараптама үшін үлгілерді алу, бас шарасын санкциялау сияқты іс жүргізу әрекеттері тергеу соттарының қаулысы негізінде жүргізіледі.Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған барлық адамдар дене жарақаттарының болуына медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін ғана, оларды алу мән-жайлары анықтала отырып, уақытша ұстау абақтысына қамалады, себебі кейбіреулері тәртіпсіздік орнынан тікелей медициналық мекемелерге жеткізілен, - деді ол.
Оның айтуынша, ұсталған күдіктілердің адвокаттарға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда мемлекет қаражаты есебінен тегін қорғаушылар қызметі ұсынылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы және билікті асыра қолдануы туралы әрбір шағымға прокуратура органдарымен қатар Ішкі істер министрінің тапсырмасымен ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөліністері тексеру жүргізеді олардың байланыс деректері бірінші күннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Сонымен қатар арнайы мекемелердің медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда, - деді Әділов.